Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

«Павел Васильевтің Музей-үйінде» музыкант, сазгер, ұстаз Александр Кимович Амосовты еске алуға арналған естелік сағаты өтті.Оның барлық еңбек қызметі музыкамен, ағартумен және шығармашылықпен байланысты болды.16 жастан бастап ол Қостанай облысы Рудный қаласында аккомпаниатор, көркем өнер жетекшісі болып жұмыс істеді.Павлодар  қаласында ол 1974 жылдан бастап Пионерлер үйінде еңбек ете бастады. Содан кейін оның қызметі № 25 мектепте, Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде, «Павел Васильевтің Музей-үйінде» және жиырма жылға жуық оның тағдыры Павел Васильев атындағы мектеп музейін құрған, № 9 мектеппен байланысты болды.№ 9 мектеп оқушылары мен ұстаздар өздерінің ән айту мұғалімі туралы естеліктерімен бөлісті, ертегі сабақтары, музыкалық саяхат және мұғалімнің мейірімділігі туралы әңгіме қозғады.

«Павел Васильевтің Музей-үйінің» жетекшісі Мерц Закия Саясатовна Александр Кимовичтің музей жобаларына қатысуы туралы, міндетті түрде қаланың құрметті қонақтарына және Павел Васильев шығармашылығы бойынша ғылыми конференцияларға қатысушыларға ұсынылып отыратын оның «Мой Павел Васильев» атты концерттік бағдарламасы туралы бөлісті. Музей қорында Васильевтің өлең жолдарына жазылған Амосовтың көптеген бейне және аудио жазбалары сақталған.Педагогикалық еңбек ардагері, музыкант Гуляра Шамильевна Чистякова өзінің бастамасымен Анастасия Цветаеваның, Ольга Григорьеваның өлеңдеріне шығарылған бес ноталық жинақтарын, Цветаев әпкелі-сіңлілерге арналған арнаулар жасау кезіндегі Амосовпен ынтымақтастық туралы естеліктерімен бөлісті. Бұл жинақтардың барлығы Славян мәдени орталығының Анастасия Цветаеваның музейінде ұсынылған.

Павлодарлық  ақын, Павел Васильев және Марина Цветаева атындағы сыйлықтардың лауреаты Ольга Николаевна Григорьева ақын мен композитордың достығы туралы, осындай шығармашылықта дүниеге келген әндер туралы әңгімеледі. Бұл «Дождь, переходящий в снег», «Бинокль», «Окно», «Поют мои друзья», «Две рябинки» әндері.Александр Амосовтың кейбір әндері Қазақстан, Ресей және бірқатар елдердің көптеген музейлерінде құрметпен ұсынылған «Подымайся, песня, над судьбой», «Былинка» және «Всё, что подбрасывает жизнь» атты аудио жинақтарына кірді.Цветаевалар әпкелі-сіңілілерге арналған Две сестры, две слезы, две дороги» атты жаңа шыққан арнаулар жинағына Александр Амосовтың «Нити судьбы» өлеңі де кірді.Александр Кимовичтің достары Рафаэль Мұхамеджанов пен Александр Казаков «Снегири» ( Павел Васильевтің өлең жолдарына) және «Поют мои друзья» (Ольга Григорьеваның өлең жолдарына) әндерін орындады.

Қаланың ескі тұрғындары Деркунская Лариса Ивановна мен Кокорева Татьяна Алексеевна Павел Васильевтің музейіндегі Александр Кимовичпен өткен кездесу естеліктерімен бөлісті. Павлодар қаласының № 9 мектебінің оқушылары өзінің сүйікті ұстаздарына Юрий Визбордың әнін дайындады және Александр Амосовтың әндерін жаттап үйренуге және оларды Павел Васильев атындағы музейде естелік экспозицияның ашылуында мектеп концертінде көрсетуге тілек білдірді.«Павел Васильевтің Музей-үйінің» мекенжайына  Мәскеуден, Рязань мен Тверьден көңіл айту хаттары келіп түсуде.«Рязаньдік Васильев қоғамының мүшелері, ақын Павел Васильевтің қызы Наталья Павловна Фурман, Павел Николаевич Васильев атындағы кітапхана қызметкерлері әріптестеріне, серіктестеріне, достарына, туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтады. Бұл жарқын, талантты адам әрқашан біздің жанымызда және мәңгілік жадымызда болады». Ал оның шәкірті, оның шығармашылығын жалғастырушы Юрий Рыбалко оны және өз арманын орындауға – жақсы әнші болуға тырысатынына сендірді.

Және біз музыканттар өмірден өтпейтіндігіне сенеміз, олар өз әндерін және өзінің сүйікті ұстазы туралы естеліктерді қадірлейтін шәкірттерін қалдырады! «Поют мои друзья,/Негромко  и протяжно./ Роняя сердце вниз/ и снова вознося…»