Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

Павел Васильев музей-үйінің қорлары

Васильев әулиетінің үйінде болған жағдайларға, ұлы ақынның құрылуына, 20-30 жылдар аралығындағы оны қоршаған рухани ортаға куә болған мұражай-үйінің көптеген экспонаттарын ақынның жесір әйелі Е. А. Вялова, Рязань қаласында тұратын қызы Н. П. Фурман, Ресей ЖО мүшесі, ақынның ағасы В. Н. Васильев табыстады.

Мұражай-үйінің келушілеріне кітаптар, қолжазба мәліметтер, қағаз кесетін пышақ, күлсалғыш, ақынның анасы Глафира Матвеевнаның сандықшасы, қолтаңбасы бар П. Васильев өмір сүрген кездегі басылымдар, 30 жылдардағы П. Васильевтің шығармалары жарық көрген «Новый мир» атты журналдар, фотосуреттер сияқты Васильев әулиетінің жәдігерлерімен танысу мүмкіндігі туды. 
Мұражай-үйінің қорлары әрдайым П. Васильевтің, қазақстандық әдебиетшілердің және т.б. өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер мен құжаттармен толықты. Оның ішінде В. Н. Васильевтің, Н. Титовтың, О. Мандельштамның, С. Марковтың, Яр. Смеляковтың, Б. Корниловтың, О. Берггольц, С. Мұқановтың, С. Сейфуллиннің, Ғ. Мүсіреповтың және т.б. мұрағаттары да болды.

ІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Яр. Смеляков, Е. Евтушенко, Б. Ахмадуллина, О. Сулейменов және т.б. сияқты әйгілі жазушылар мен ақындардың қолтаңбалары бар сирек кездесетін кітаптар П. Васильев атындағы кітапханасында сақталған.