Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
|
|
|
Сөзін жазғаңдар: Әнін жазған: |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалақтап ұшқан қаран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уыктар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «QAZAQSTAN» деген жазу – алтын түстес. |
Алтын күн аспаны, Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Ұрпаққа жол ашқан, Қайырмасы: Менің елім, менің елім |