«Рухани кездесулер жалғасын табуда»
Жыл сайын Мұражай-үйдің қызметкерлері шаралармен балаларға арналған интернаттар мен жетім үйлерге барып тұрады. Балалар қонақтарды ылғи да жылы қарсы алып, Мұражай-үйдің қызметкерлері ұйымдастырып отырған викториналарда, зияткерлік ойындарда ықыласпенен қатысады. Жеңімпаздарға жүлделер, ал қатысушыларға тәтті сыйлықтар беріледі. Бұл кездесулердің барлығы балалар мен қызметкерлердің жүректері мен жадыларында жылы-жылы із қалдыруда. Сонымен қатар, Мұражай-үй П. Васильевтің шығармашылығын насихаттау, отансүйгіштікке баулу, туған өлкеге деген махаббатты дарыту сияқты өзінің басты деген мақсаттарын орындауда.Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернаттық әлеуметтік мекеме.
Сәуірдің ортасында П. Васильевтің Мұражай-үйі қызметкерлерінің «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық әлеуметтік мекеме» КМК кездесуі өтті. Мұражай-үй директоры П. Васильевтің Мұражай-үйінің пайда болу тарихы туралы, ақын шығармашылығы туралы, Павел Васильев өз туған өлкесін қаншалықты жақсы көргені туралы баяндады. Әңгіме Иван Қандыбаев оқыған «Павлодар», «Иртыш» және т.б. өлеңдерімен жалғасты. «Ой и долог путь к человеку, люди…» фильмінен ақын өмірбаяны туралы бейнеүзінділер көрсетілді.
Шара соңында, қарттар үйінің қамқорлығындағы адамдар қызметкерлерге өз алғыстарын білдіріп, тіпті кейбіреулері кеш туралы естелік ретінде жылы сөздерін қалдырды: - «Такие мероприятия так ценны для меня, я счастлив, что узнал много нового о поэте и послушал его стихи, прикоснулся к истории родного края, что молодое поколение чтит память о нашем земляке. Большое спасибо! » - ветеран труда Отто Филиппов.
Алькебаева Б. А.
Опубликовано в газете «Регион. Кz» №16, от 25 апреля 2014 г.