Жинақтың таныстырылымы
2004 жылы мұражай-үй өзінің баспасөз жұмысын жалғастыруда: ақын, журналист, П. Васильев атындағы әдеби бірлестігінің тұңғыш төрағасы С. А. Музалевскийдің «Я жадно жег костер души» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Осы жылдың сәуірінде П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханада кітаптың тұсаукесері өтті. Жеңістің 60 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері, П. Васильев атындағы әдеби бірлестігінің мүшесі Павел Гусевтің «Звон подковы» атты шығармасының жинағы шықты.
