Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

Павел Васильев атындағы мектеп музейінің 25-жылдығы барлық поэзияны сүйер қауымды біріктірді.

Павлодар қаласының № 9 мектебінің мәжіліс залында осы музейді құрған адамдар және музеймен қызметтестік жасаған адамдар және оқушылар мен олардың ата-аналары арасында ақын шығармашылығын дәріптейтін адамдар жиналды. Сахнадан ақынның өлеңдері мен әндері, құттықтау сөздері айтылды.

Аудиожазбадағы ең алғашқы құттықтау сөзі Мәскеуден Елена Александровна Вялованың туысы Светлана Ивановна Гронская жіберді.

Мектеп музейін құруға өз дарындылығы мен жанын салған Мария Николаевна Филинская және А. П. Чехов атындағы Павлодар драма театрының әртісі Запруднева Нина Матвеевна қорытынды сөз сөйледі. Олар Қазақстан Республикасының жетекші әдебиеттанушысы Наум Григорьевич Шафер музейді дамытуға үлкен көмек көрсеткендігін атап өтті.

«Павел Васильевтің Музей-үйі» ширек ғасыр бойы мектеп музейімен тығыз байланыста, облыстық ақындық байқаулар, ақын шығармашылығы бойынша оқулар өткізуде, павлодарлық ақын - әдеби бірлестік мүшелерімен кездесулер ұйымдастыруда. Бір де бір ғылыми-практикалық конференция, бір де бір ірі шара № 9 мектеп-гимназия оқушыларының қатысуынсыз өтпейді.

Павел Васильевтің өлеңдерімен бірге оқушылар есейіп, мектеп бітіргеннен кейін өз жерлестерінің шығармашылық мұрасын зерттеп, насихаттауды жалғастырып отырғандықтары жақсы.

Павел Васильевтің «Поэзия весёлого цветенья» жинағы сүйікті ақындық жинақтардың қатарына қалмастан енуде!

Павел Васильев өзінің ақындық қауырсының ұштаған Павлодар жерінде ұстаздар, музей ісін қалаушылар мен жалғастырушылардың қосқан үлесі зор.