Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

Юбилей концерт

Кешке Естай атындағы мәдениет сарайында «Протяни мне, Родина, ладони свои» атты мерейтой концерті өтті. Бұл салтанатты кеште Павлодар облысының әкімі Б. Сагинтаев, облыс және қала әкімшілігі болды. П. Васильевтің өлеңдерін кәсіби шеберлігі мол орындаушылар және қала ансамблі әнге салып, И. Кандыбаев өлеңдер оқыды. Көрермендердің назарларына «Соляной бунт» атты поэмасының үзіндісінен алынған қазақтардың тойы бейнеленген көрінісі қойылды. Салтанатты концерт барысында С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Е. М. Арын П. Васильев атындағы алғашқы иегеріне премия табыстады. С. Гронская, С. Анучина облыс әкіміне алғыс білдіріп, РФ саяхатшысы атынан Славян мәдени орталығының төрағасы Т. Кузина сөз сөйледі. Бұл концерт көрермендер үшін ұмытылмастай жағымды әсер қалдырды.