«Всему миру известна отвага моя…»
«Созвездие имен» атты әдеби жоба шеңберінде Павел Васильев пен Мағжан Жұмабаев ақындарының шығармашылық жолы туралы баяндайтын «Всему миру известна отвага моя...» атты көрме ұсынылды.
Павел Васильев те, Мағжан Жұмабаев та – қайғылы тағдыр ақындары. Қуғын-сүргінге, кемсітуге, айдауға ұшырап, жазу құқықтарынан айырылды. Ату жазасына кесілді. Ақталды. Оларды тек қайғылы тағдыр ғана емес, ал ұлы ақындардың лайықты қабылдаушылары, өз талантының дәстүрі мен ерекшелігінің жалғастырушылары болғандығы біріктіре түседі.
Ақын Павел Васильев сенімді серігінің арқасында оқырманға қайтарылды. Ол сияқты лагерлердің тозағынан өткен, кейін ақталған Елена Вялованың арқасында 1957 жылы ақын Павел Васильевтің өлгеннен кейінгі тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді.
Зүлейха Жұмабаева да өз күйеуінің есімінің естелігі үшін адал қызмет етті. Ол декабрист ретінде күйеуінің ауыртпалығын жеңілдету үшін сонынан бүкіл лагерьлер бойынша ілесіп жүрді. 1965 жылы ол «Простор» республикалық әдеби журналында өлеңдерді басып шығаруға тырысады. Ақынның тұңғыш өлеңдер кітабы тек 1989 жылы жарық көреді.
Бүгін Павел Васильев пен Мағжан Жұмабаев ақындарының шығармашылығы поэзия сүйер қауымға белгілі. Олардың шығармашылық мұрасына болашақ ұрпақ жүгінеді. Олардың өлеңдері айтылып, жинақтары қайта басылып шығарылуда.
Павел Васильев пен Мағжан Жұмабаевтың бейнелерін Сергей Есениннің бейнесімен салыстыратын. Екеуінде де «толқынды шаш, албырт көз». Өлеңдері отан туралы. Туындыларының басты кейіпкері – дала, табиғат.
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы туралы Мұхтар Әуезов былай деп жазған: «Оның ақындық даралығы соншалық бірегей, ол өз дәуірінің шеңберінен асып түседі... Мағжанның сөзі болашаққа ұмтылып, алдағы ұрпақ жадында лайықты қалады. Ал Жүсіпбек Аймауытов атап өткен: «Мағжан Жұмабаевтың өлеңдеріндегі сөздер жібек жіпке тізілген інжу маржандарға ұқсас. Оның өлеңдеріне нәзіктік, кейде, қайғылы-ащы реңкілік тән. Ол қобыздың жүрегінен керемет дыбыстарды шығара алады».
«Лишь песней можно тронуть душу
И целый мир заворожить» (Мағжан Жұмабаев)
Ақын Павел Васильев та өз шығармаларында туған өлкесінің табиғатын жырлаған. Қуаныш және мақтаныш сезімдерімен өлкесінің құнарлылығы мен байлығы үшін Ертіске айтары.
«А ты что за чудная река-Иртыш!
В золотых колосьях вся ты горишь..»
И « Теки, Иртыш, выплёскивай язей-
Князь рыб и птиц, беглец зеленоводый…
Теки Иртыш! Любуюсь, не дыша,
Одним тобой, красавец остроскулый…»
«Павел Васильевтің бүкіл поэзиясы – бұл кеңістік, еркіндік, шапшаң жүгіріс. Оның поэзиясы алтын, қызыл, көк, күміс жіптерден тігілген әдемі түрлі-түсті кілем тәрізді. Оның жүрегі мен жаны орыс сөзінің тереңдігі мен сұлулығын өзіне алып, оқырманға мүсіндік бейнелерді дерлік, қайталанбас әуенділікті, жаңа және ерекше ой сыйлаған. Оның барлық поэзиясы алғашқы табиғи күшпен дем алады. Оның өлеңдерінде боз далалар, ащы жусанды желдер, шексіз жолдар тіріле түседі» - деп Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының докторы Валерий Хомяков атап өткен.
Көрмеде «Павел Васильев Музей-үйімен» 2009 жылы және Петропавл қаласының Облыстық мәдениет комитетімен 1993 жылы әзірленген ақындар өлеңдерінің жинақтары ұсынылды.
«Если мы устали от печали, -/ Душу просветляют небеса…» (М. Жұмабаев)
«Как ветер, прям наш непокорный путь./ Узнай же, мать, поднявшегося сына,-/ Ему дано восстать и победить» (П. Васильев)