Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

Ұлы Отан соғысының басталғанын еске алу және қайғы-қасірет күніне орай «Павел Васильевтің Музей-үйінде» дәстүр бойынша тарихи еске алу сабағы өтті. Жиырмасыншы ғасырдың аты аңызға айналған ақыны Роберт Рождественскийдің өлеңдері автордың орындауында музей қорында сақтаулы пластинкалары бар аудиожазбалар шырқалды.

2019 жылы Роберт Рождественскийдің «210 шагов» поэмасының жазылуына 50 жыл толады. Бұл - уақыт, тарих қадамдары, мәңгілік және ұмытылмас туралы поэма.

Тарихи күнге орай № 11 мектеп орталығының жас тыңдаушыларына «Война» поэмасының екінші бөлігін тыңдау ұсынылды.

 «…Воздух наполнился громом, гуденьем./ Мир был изломан,/ был искажён…/ Это/ казалось ошибкой,/ виденьем,/ странным,/ чудовищным миражом…/ Только виденье/ не проходило:/ следом за танками/ у моста/ пыльные парни/ в серых мундирах/ шли и стреляли от живота!...» (Роберт Рождественский)

Роберт Рождественскийдің поэзиясында қазіргі заман, қазіргі уақытта да өзекті мәселелер айқындалған.

«История нашей Победы» атты артектік ауысым қатысушылары Альвина Сулейменова мен Валентина Валентиновна Гузеймен тарихи еске алу сабағымен өтті. Олар «Дети за мир» атты декларация туралы баяндады.

Роберт Рождественскийдің «За того парня» өлеңіне жазылған Марк Фрадкиннің әні шырқалып, кездесуге қатысушылар үндеуге үн қатып, декларацияға қолдау көрсетуге өз қолдарын қалдырып, өз пікірлерін білдірді: «Біз барлық елдер мен халықтардың балаларымен бейбітшілікте өмір сүргіміз келеді! Біз соғысты қаламаймыз!».