Павлодарлық суретші Александр Иванович Бибиннің туған жерінде Железинка ауданының «Береговой жалпы білім беретін негізгі мектебі» КММ-де «Павлодар, менің қаршыға қалам» әдеби қонақбөлмесінде ақын Павел Васильевтің өлеңдері оқылды. Балалар – Береговой және Еңбекші ауылдарының мектеп оқушылары – қалаулары бойынша өлеңдер таңдап, оларды тыңдаушыларға көркемді түрде ұсынды. Ақын туындылары бойынша көрме ресімделіп, олардың Павел Васильевтің өлеңдеріне жасалған иллюстрациялары да ұсынылды. Байжапарова Майра Павел Васильевтің өлең жолдарына «Снегири» әнін өздігінше орындады. Мектеп шағын болса да, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері Гаухар Жуматаевна Беркебаеваның (Береговое а.) және Жанар Абаевна Жамбусинованың (Еңбекші а.) басшылығымен өткен ақындық сағаты еуразиялық ақын Павел Васильевтің шығармашылық мұрасына деген үлкен құрмет пен махаббатқа толы болды. Әдеби қонақбөлменің жұмысына аудандық білім бөлімінің, аудандық өлкетану музейінің және «Павел Васильевтің Музей-үйінің» қызметкерлері қатысты. Жақындағы көктемгі демалыста балаларды Павлодар қаласына және «Павел Васильевтің Музей-үйіне» қызықты саяхат күтуде. Жаңа ашылулар, кездесулер, ең бастысы, Павел Васильевтің өлеңдерін оқу болады!

