«Ұстазды еске ала»
Мұғалімдер күні қарсаңында «Ертіс өңірін дәріптеген есімдер» әдеби-өлкетану үйірмесі аясында педагогика ғылымдарының кандидаты, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» ББ гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің оқытушы–зерттеушісі Г. Н. Старченконың бастамасымен 1 курс студенттеріне профессор, әдебиеттанушы, композитор, грампластинкалардың бірегей жинағын жасаушы, тоғыз кітаптың, төрт жүзден астам музыкалық шығарманың авторы, композитор И. Дунаевскийдің, В. Высоцкийдің шығармашылығының жетекші зерттеушісі – Наум Григорьевич Шафердің құрметіне «Ағартушы-ұстаз» атты сұхбат өткізілді.
70 жылдан астам уақыт бойы ол мұғалім мамандығына арнады, мектептегі оқушылар, университеттегі студенттермен қатар, кез-келген жағдайда тыңдаушыларына музыка сабақтарын берді, тарихқа ерекше көңіл бөліп, павлодарлықтарды классикалық музыкамен таныстырды. Оның дәрістері жалғыз біздің қалада ғана оқылмады, сонымен бірге, бейнеконференция режимінде халықаралық деңгейдегі көптеген ғылыми конференцияларға қатысты.
Бүгін көптеген павлодарлық педагогтар мақтанышпен: «Ал мен Наум Григорьевичтен оқыдым! Ол менің ұстазым!» деп айтады.
Сұхбатбарысында оның журналист, өлкетанушы, ақын, суретші, Павел Васильев атындағы әдеби бірлестіктің төрағасы Сергей Музалевскиймен достығы туралы «История моих псевдонимов» атты очеркі ұсынылды.
«День Брусиловского» романынан Киров атындағы Алматы мемлекеттік университетіндегі Наум Шафердің студенттік жылдары, оның алғашқы музыкалық шығармалары және танымал композитор Евгений Брусиловскиймен кездесулері туралы білді.
Бір сұхбатында Наум Григорьевич жастарға: «...прагматикалық ойлаудың құлы болмаңыз. Жастық – бұл жанның романтикалық ұшуы. Есептілік риясыздықпен үйлессін» деп айтқан.
Осылайша ол өмір бойы өзін қоғамға риясыз берді.
«Жақсы, ақылға қонымды, мәңгілік нәрселерді қалдырды».
Ол туралы естелік өмір сүреді, оның кітаптары, шығармалары жаңа оқырмандар мен тыңдаушыларға ие болады.