Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

Ш. Уәлихановтың – географ, тарихшы, этнограф және фольклоршы – туғанына 190 жыл толуына  орай тарихи жад сабағы Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледждің кітапханасымен бірлесіп болашақ мұғалімдер үшін өткізілдіТыңдаушылар Шоқанның және Омбы кадет корпусындағы сыныптасы Григорий Потаниннің оқыған әдебиеттерімен танысты.
Кітаптар – олар бірлесіп таныған, саяхат туралы армандаған тарих беттері.
Шоқан көптеген тілдерде кітап оқыған. Оны философия да, әскери жарғылар да, құқықтық әдебиет те қызықтырды.
Осындай білімге құштарлығының арқасында ол тарих пен география бойынша алғашқы еңбектердің авторы атанды.
Кездесу барысында Шоқан Уәлихановтың Павлодар, Семей, Көкшетау және Омбы қалаларындағы елеулі, тарихи орындары туралы да әңгіме қозғалды.
Ғалым-зерттеушінің шығармашылық мұрасы әлі де оқырманын толғандырып, оның еңбектері мен авторлық иллюстрацияларын зерделеуге шақырады.