Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

"Северо-Муйские огни" журналындағы мақала басылымы

2012 жылғы (шілде-тамыз) № 4 «Северо-Муйские огни» әдеби – авторлық журналында (Бурятия) мұражай-үйінің қорындағы өте сирек кездесетін материалдары қолданылған Павел Васильевтің, Ярослав Смеляковтың, Борис Корниловтың, Михаил Зуев-Ордынецтің өмірі мен шығармашылығы туралы З. С. Мерцтің «Вот так втроем мы отслужили слову» атты мақаласы жарық көрді. 2008 жылы жеке кәсіпкер Виталий Кузнецов бұл журналды құрастырды. 2012 жылдың қаңтарында журналды орыс тілі және әдебиет институтындағы қазіргі әдеби Берлиндік қорына қабылдады. Бұл жылы  В. Кузнецов Еуропалық әдебиетшілер конгрессінің мүшесі болды. Осы жылдың жазында Крым қаласында өткен «Славянские традиции» халықаралық әдеби фестивалінде журналдың тұсаукесері өткізілді. Крым әдеби академиясы «Северо-Муйские огни» журналын Крым және Сібір әдебиетшілер арасындағы шығармашылық және достық қарым-қатынасты нығайтуына үлес қосқаны үшін мақтау қағазымен марапаттады.