Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

«Северо - Муйские огни» журналында жарық көрген басылымдар туралы жағымды пікірлер біздің мұражай - үйге келіп түсуде

Саламатсыз ба, құрметті Закия Саясатовна!

Маған Светлана Гронскаямен танысу мүмкіндігі туғанына өте қуаныштымын: оның кітабы туралы «Северо-Муйские огни» үшін мәлімет жинауға мүмкіндік туды. Бұл өз кезегінде редакцияның Сіздің мұражайыңызбен танысуына себеп болды. Сіздің үш ақын туралы мәліметіңіз ең үздігі болып саналды. Үлкен рахмет. Сіз мені бұрыннан танисыз, басқалар бұл тақырыпты ұмыту жөн дейді. Бірақ мен қарама-қарсы ойды айтпауға тырысамын, бұл журналға  үш жыл бойы көрсеткен гуманитарлық көмегіңіз үшін  Сізге айтар алғысым шексіз.

Ізгі ниетпен, Татьяна Михайлова.

*************

Саламатсыз ба, Закия Саясатовна!

Сізбен танысуға рұқсат етіңіз. Мен Семей қаласының ақынымын. Сонымен қатар Северо-Муйские огни» авторлық әдеби журналының (Бурятия, Ресей), халықаралық әдеби байланыстар бойынша бас редактор орынбасарының міндеттерін атқарамын. Бұл журналдың төртінші нөмірінде Сіздің П. Васильев туралы жұмысыңызды бар ынтамен оқыдым. Біздің қаламызда П. Васильевтің шығармашылығын кейбір ақындар және шақырылған қонақтар дәріптейтін әдеби бірлестігіміз бар. Біз Ф. Достоевскийдің мұражай-үйінде жиналамыз. Бұл жылы біздің жерлес ақынымыздың шығармашылығына орай ұйымдастырылған кеш осы мұражай-үйінде өткізілді. "Северо-Муйские огни" (Бурятия, Ресей) журналындағы Сіздің мақалаңыз Ресей және Қазақстан авторлары мен оқымыстылар арасындағы әдеби-мәдени байланысты нығайтуға маңызды рөл атқарды. Менен әр түрлі журналдар үшін жаңа авторларды жиі сұрайды, мысалы Украина және Белорусия, бірақ үйлесімді және қызықты мәліметтер кездеспеді. Егер Сіз қазақстандық әдебиетшілердің шығармашылығын насихаттап, «Северо-Муйские огни» журналымен ары қарай әріптестік қатынаста болсаңыз, жақсы болар еді.

Шығармашылық табыс тілей отыра ізгі ниетпен

РЕСЕЙ ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
ӘЛЕМДІК ЖАЗУШЫЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ МҮШЕСІ
ӘЛЕМДІК ЖАЗУШЫЛАР БІРЛЕСТІГІ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ӨКІЛІ
НИКОЛАЙ ТИМОХИН.

*************

Саламатсыз ба, құрметті Закия Саясатовна!

Сіздің хатыңызға өте қуаныштымыз!

... өкінішке орай, басқа фотосуреттер сыймағандықтан, сіздің мақалаңызға бір ғана фото қолданылған. Сіздің материалыңызды түгілдей қолдана алмағанымыз үшін кешірім өтінеміз. Бірақ ең бастысы – бұл мәтіні. Бізге сонымен қатар жағымды пікірлер айтылуда, бұл мақала PDF форматына жіберілді. Солардың бірі - Братскийда тұратын иркуттық әйгілі журналисі Владимир Монахов: "Таня және Виталий, журнал үшін алғыс білдіремін! Шолып шықтым – Васильев және Б.Корнилов туралы қажетті мақала екен". Интернетте келесі кездескенше, сау болыңыз, сіздердің жаңа мәліметтеріңізді күтеміз!

Құрметпен және ізгі ниетпен, Виталий және Татьяна.