Саяси құғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды еске алу митингі
31 мамырда – П.Васильев мүсінінің алдында саяси құғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды еске алу митингі өтіп, мұражай-үйде «Үйітілген тағдырлар» атты көрмесі ұйымдастырылды. Митингке «Книги скорби. Расстрельные списки» авторлары болып саналатын 1937 жылы антисоветтік кезінде жалған жала жабылған және ату жазасына кесілген Владимир Иванович Шараповтың немересі Галина Вячаславовна Шарапова, Қазақ ССР мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері, тарихшы-өлкетанушы Вера Дмитриевна Болтина, мұрағат ісінің шебері Людмила Васильевна Шевелева, белгілі тарихшы, өлкетанушы Эрнест Дмитриевич Соколкин, сонымен қатар этно-мәдени орталығының өкілдері, қала зиялылары, №9 ЖОБМ оқушылары, №31 лицейінің, Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледждің студенттері мен мұғалімдері қатысты. Бұл кітап 1999 жылы жарық көріп, бұл кітапқа Павлодар облысында ату жазасына кесілген сегіз жүз адам енгізілді.
Сөз сөйлегендер митингте өткеннің қасіретті, ауыр кездерін еске түсіріп, болашақта мұндай ешқашан қайталанбағанын тілейді.
ІІХК қабырғасында қасірет кешкен ақын – жерлесіміз П.Васильевтің мүсініне гүл шоқтары қойылып, тоталитарлық тәртіптің құрбандарын үнсіз еске алу минуты өтті.