Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

Рязань

Осы жылдың сәуірінде мұражай-үйінің директоры Рязань қаласының С. Есенин атындағы кітапханасында өткен «Павел Васильев – поэт есенинского времени» атты экспозицияның ашылу салтанатына қатысты. Ашылу салтанатынан кейін «Павел Васильев орыс әдебиетінің тарихында: жаңа көзқарас» атты «дөңгелек үстелі» өткізілді. «Дөңгелек үстелде» Рязань университетінің профессорлары, ақын Н. Ибрагимов, Мәскеу қаласындағы Павел Васильевтің шығармашылық мұрасы бойынша Комиссияның ұйымдық комитет мүшелері, Рязань қаласының кітапхана қызметкерлері сияқты қатысушылар болды. Профессор О. Воронова басылымға шыққан кітаптарға және П. Васильев туралы басылымдарға қысқаша шолу жасады. 2003-2004 жылдар аралығында П. Васильев мұражай-үйі Павлодардың жоғарғы оқу орындарымен бірігіп өткізген ғылыми конференциядағы мәліметтер жинағын және П. Васильев және Е. Вялованың өмірі туралы С. И. Гронскийдің «Здесь я рассадил свои тополя» атты кітабын Рязань ғалымдары жоғары бағалады. П. Васильевтің туған күннен бастап 100 жылдығына дайындалу «дөңгелек үстелдің» басты тақырыбы болып табылады.