Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

Рязань қаласынан сертификаттар.

 

Павел Васильевтің Музей-үйі және серіктестері: біздің жерлесіміз, еуразиялық ақын Павел Васильевтің мәдени, азаматтық мұрасын ілгерілету мақсатында өткізілген «Васильев оқулары» желілік акциясына қатысқаны үшін № 9 гимназиясының Павел Васильевтің мектеп музейі; № 19 мектептің «Созвездие» әдеби үйірмесі; № 43 мектептің «Әдеби өлкетану» үйірмесінің қатысушылары; көшелердің бірі павлодарлық ақын, Павел Васильев атындағы әдеби бірлестіктің мүшесі Жанаталап Нұркеновтың есімімен аталатын Павлодар ауылының № 40 мектебі, Железин аудандық білім бөлімінің, Павлодар облысы білім басқармасының «Еңбекші ЖОББМ» КММ Ресей Федерациясы, Рязань қаласының Павел Васильев атындағы кітапханасының сертификаттарын иеленді.

Павлодар қаласы оқу орындарының және Железин ауданының Еңбекші ауылының оқушыларының орындауында ақынның «Азиат», «Иртышу», «Глафира» және т.б. өлеңдері шырқалды.

Бұл оқуларға қатысу ерекше әсерлі, себебі Рязань қаласында біз отыз жылдан астам уақыт бойы бірге жұмыс істеп келе жатқан досымыз, ақын қызы Наталья Павловна Васильева тұрады.