Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

«Рождестволық кездесулер» топтамасы шеңберінде «Павел Васильевтің Музей-үйінде» С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Орыс филологиясы» кафедрасының оқытушысы, профессор, филология ғылымдарының кандидаты Алевтина Дмитриевна Цветкованың Павлодар қ. № 39 мектебінің оқушыларымен кездесуі өтті.

Балалар Павлодар Ертіс өңірі туралы фольклорлық экспедициялар туралы, қасиетті кештердің салт-дәстүрлері туралы, казак және украиндық қоныстары туралы көп қызықтар білді.

«Поэзияның сиқырлы шеңбері» әдеби сабағында Павлодар қаласының «Балаларға арналған баспана» тәрбиеленушілері павлодарлық ақындармен кездесіп, олардың ақындық жинақтарымен танысты. Балалар қыс оюлары туралы Л. Гаврикованың «Зажгите свечи», Т. Окольничьяның «Рождественский вечер», Ю. Мостовойдың «Зимний мотив», О. Григорьеваның «Крещение» атты өлеңдерін қызыға оқыды.

Балалар «Марина Цветаеваның Музей үйінің» Мәскеу қ. «Под Новый год» атты бірегей басылымымен танысты.

Ал Крещендік сочельникте Павлодар қ. № 19 мектептің оқушылары казак станицасындағы колядкалар туралы, Васильевтер отбасындағы мерекелер дәстүрлері туралы білді. «Иртышские казаки» казактар халық ұжымы (жетекшісі В. Н. Ковеня) «Святочные гуляние» концерттік бағдарламасын ұсынды.

«Осындай кездесулер ешқашанда өшпесін/ жылдар мен жүректі жақындатып/ Шырақтарды жағыңдар!»