Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

Павел Васильевтің поэзиясын «Күміс ғасыр поэзиясы» ақындық мәнерлеп оқу бағдарламасында Мәскеу жаңа драма театрының актрисасы Наталия Маева Лондонның Кембридж орыс мектебінде 2020 жылдың 18 қаңтарында ұсынды.

Бағдарламада Ахматова, Цветаева, Мандельштам, Гумилев, Павел Васильев, Юргис, Табидзелердің өлеңдері оқылды.

Актрисаның сөз сөйлеуі, оның орыс поэзиясының орындау жолы риза тыңдаушыларға қатты әсер етеді. Павлодарлықтардың да Павел Васильевтің 110-жылдығына арналған шараларды өткізу күндерінде Достық үйінің концерттік залында өткен шығармашылық кездесуде актрисаның өнер көрсетуі есінде.

Жаңа драма театрының көрнекті актрисасы, Вахтангов әдісінің ізбасары Наталия Маеваның орындауында ақынның өлеңдері ерекше қуанышпен шырқалды.

Лондондық көрермендер Павел Васильевтің поэзиясын қызығушылықпен және шаттықпен қабылдады. Айтылған сөзді сезіну әрқашан және барлық уақытта адамға тән болды. Екі сағатқа жуық актриса өлеңдер оқып, жастар мен студенттерді поэзиямен таныстырып, ақынның 100-жылдығына «Музей-үймен» әзірленген Павел Васильевтің екі томдық басылымын Пушкин үйіне тарту етті.

Наталия Маева көптеген жылдар бойы Чехия, Қытай, Англия, Ресейде өлең оқуда. Музей қорында оның өнер көрсетулерінің афишалары сақталуда. Ал Павлодарда бұл оның тұңғыш өнер көрсетуі!