П. Василевтің «Времена года» атты кішігірім өлеңдер жинағы Павел Васильев мұражай-үйіне табысталды.
П. Василевтің «Времена года» атты кішігірім өлеңдер жинағы Павел Васильев мұражай-үйіне табысталды. Жобаны дайындау барысында шыққан бұл алғашқы кітаптың авторлары П. Васильевтің шығармашылығын насихаттау бойынша комиссиясының хатшысы С. И. Гронская (Мәскеу) және Л. Г. Бунеева болды. Алдағы уақытта әр түрлі тақырыптар боіынша П. Васильевтің кішігірім, қалтаға сыятын өлеңдер жинағын шығару жоспарланып отыр. Бұл жинақтарда мұражай-үйінің қорындағы сирек кездесетін П. Васильевтің, оның отбасының, мұғалімдердің, жолдастары мен туыстарының фотосуреттері қолданылады.

