Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

Оқырманның конкурсы

Мұражай-үй осы жылдың қарашасында 108 конкурс қатысушылары болған П. Васильевтің туған күніне орай «Ему дано восстать и победить» атты мәнерлеп оқу конкурсын ұйымдастырды.

Осы жылдың 8 желтоқсанында педагогикалық колледжінің залында жеңімпаздар марапатталды. Мұражай-үйінің қызметкерлерінен басқа журналистер және мәдениет, білім беру департаментінің, ПМПИ, А. П. Чехов атындағы театрдің, П. Васильев атындағы әдеби бірлестігінің өкілдері әділ-қазылар ретінде шақырылды. 

П. Васильевтің туған күніне орай осы жылдың 23 желтоқсанында Славян мәдени орталығында мәнерлеп оқу конкурс жеңімпаздарының және П. Васильевтің өлеңдерін әнге салған ересектердің қатысуымен «Суждено мне неуемной песней» атты әдеби-музыкалық композициясы өткізілді. Жүрекке жылы тиетін баланың пәктігі мен әншілердің кәсіби шеберлігі үйлесін тапқан П. Васильев поэзиясының керемет концерті өтті. «Ему дано восстать и победить» атты мәнерлеп оқу конкурсының жеңімпаздарына облыстық мәдениет департаментінің ақшалай сыйақылары, құрмет грамотасы, дипломдары табысталды. Мәнерлеп оқу конкурсының барлық финал қатысушыларына Павлодар облысы мәдениет департаментінің және П. Вассильев мұражай-үйінің алғыс хаттары және бағалы сыйлықтары табысталды.