Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

Музей-үйдегі алғыс айту күні

2017 жылғы 01 наурызда сағат 11.00-де Музей-үйде Алғыс айту күніне арналған шара өтті. Шара оқушылар бойында адамгершілік қасиеттерді, басқа адамдарға құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатымен өткізілді. Шара оқушылардың алғыс айту сөздері туралы білімдердің негізінде өтті. Мақал-мәтелдерді құрастыру мен талдау бойынша жұмыс, оқушылардың алғыс айту туралы мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіре алатындықтарын көрсетті. «Награда» ертегісін оқу, тәрбиелік мақсатпен ұйымдастырылған еді. Оқушылар әңгімені талдай келе, өмірде жақсылықты жақсылықпен өтеу керек деген қорытындыға келді. Қорытынды кезеңде оқушылардың әрқайсысы алақанда алғыс айту сөзін жазып, алғыс күнін жасады.  Оқушылардың барлығы даярлық барысында да, шараны өткізу барысында да қызығушылық білдіріп, белсенділіктерін таныта білді.