Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

Халықаралық музейлер күнінде «Павел Васильевтің Музей-үйінде» Павел Васильевтің «Песня о гибели казачьего войска» атты алғашқы үлкен поэмасының жазылуының 90-жылдығына арналған казак әнінің фестивалі ұсынылды.   

1929 жылы Владивосток қаласында поэманың бірінші бөлімдері пайда болды. Содан соң поэманың бөлімдері біртіндеп «Сибирские огни», «Пролетарский авангард», «Крокодил», «Земля советская» журналдарының беттерінде  жарық көрді. 

Тек ақын ақталғаннан кейін поэма 1957 жылы толық жарияланған болатын.

«Песня о гибели казачьего войска» азаматтық соғыс кезіндегі қайғылы тағдырлар туралы баяндайды. Павел Васильевтің шығармаларының көптеген зерттеушілері поэма «көпдауысты және көп тоналды»деп анықталды. Ақын түрлі жанрдағы шығармаларды батыл біріктіреді. Фольклорлық образдар мен мотивтер ақынға шығарманың лирикалық жоспарын жүзеге асыруға және еркіндік пен жақсылық идеясын білдіруге көмектесті. Жиырмасыншы жүзжылдықтың  80-ші жылдарында композитор Алексей Николаев поэмаға ораторий жазды.

«Мен поэмада әрекетке толы, сонымен қатар, әуенді ойластырылған ораторияның дайын либреттосын көрдім. Ақын мен үшін жұмыстың басты бөлігін атқарып, маған өлеңнің қалай дыбысталғанын естуге ғана қалды»- композитор атап өтті.

Павел Васильев – ертегілік повестердің, эмоционалдық өлеңнің шебері.

Жыл сайын ИКОМ желісі бойынша халықаралық күндер белгілі бір ұранмен өтеді. 2019 жылы Музейлер күнінің ұраны: «Музейлер мәдениет орталығы ретінде: дәстүр болашағы».

Казак әндерінің дәстүрлі ансамбльдері өнер көрсетті: «Иртышские казаки» (жетекшісі Вера Ковеня), «Поречье» (жетекшісі Сергей Князев),  «Воля» (жетекшісі Марина Борина), «Прииртышье» (жетекшісі Сидорова Полина) және Славян мәдениет орталығының солисті Клавдия Кузьминская  мен Юрий Рыбалко.

Поэманың бөлімдері № 9 гимназиясының оқушылары Степан Нагуш пен Темірбай Руслан, № 36 мектептің оқушысы Юлия Попова мен павлодарлық ақын Иван Кондыбаев қатысты.

 

« Я не здесь ли певал песни – погудки:

   Сторона моя – зелёные дуди.

   Я не здесь ли певал шибко да яро

   На гусином перелёте у красного  Яра?»

                                       (Павел Васильев)