Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ.

Қазақ даласындағы ағартушы, педагог, жаңашыл және мектеп ұйымдастырушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай Павлодар қаласының №43 мектеп оқушыларымен әңгіме өткізілді.

Балалар ақынның шығармашылық өмірбаянынан, қазақ әдебиетінің хрестоматиясын құрастырушы және орыс графикасы негізінде қазақ әліпбиін жасаушыдан көптеген қызықты фактілерді білді.  Олар өлең оқып, «Бұлақ» туралы ертегіні тыңдап, Ыбырай Алтынсариннің этнографиялық зерттеулерімен танысты

Железин ауданы педагогтарының қолдауымен "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісінің лауреаты Галия Абенованың бейнеөтініші ұсынылды.

Ұлы даланың ұлы Перзентінің есімі көше, мектеп атауларында мәңгі сақталған. Қостанайда Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасын зерттеу мұражайы жұмыс істейді.