ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған музыкалық колледж жанындағы дарынды балалар музыкалық мектебінің мерекелік концертіне қатысты.
Павлодарлық ақындар мен музыканттар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған музыкалық колледж жанындағы дарынды балалар музыкалық мектебінің мерекелік концертіне қатысты.
Наталья Борисовская «Мой Казахстан» атты ақындық композициясын ұсынды және қолданбалы өнердің бірегей туындыларын көрсетті.
«Серебряные струны» клубының өнерпаз музыканттары, авторлары мен орындаушылары Мәулен Қожахметов пен Константин Симонов өз шығармаларын орындады.
Торайғыров университетінің профессоры Айман Файзуллақызы Зейнуллина балаларға 30 жыл бұрын өзі куәгер және қатысушы болған Қазақстанда орын алған оқиғалар туралы баяндады.
Ақын Алпысбай Хонж осы тарихи күнге өз арнауларын оқыды.
Музыкалық колледждің қазақ халық аспаптар оркестрі халық әуендері мен күйлерін орындады.
Іс-шараға қатысушылар, мектеп байқауының жеңімпаздары алдағы мереке-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.



