Кездесу мектепте
Келесі күні № 9 мектеп-гимназиясында мұғалімдер мен оқушылардың мерейтой қонақтарымен кездесуі өтті. Қонақтар мектептегі мұражайға барды. Олардың назарларына «Соляной бунт» атты поэмасының үзіндісі бойынша театрлық әдеби-музыкалық композициясы ұсынылды. А. Амосованың және мектеп оқушыларының орындауында П.Васильевтің өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Содан кейін Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледжінде кездесуі өтіп, П. Васильев оқыған сыныбында және мұражайында болды. Студенттер П. Васильевтің өлеңдерін оқып, қонақтар олардың көптеген сұрақтарына жауап берді, естелік ретінде фотосуретке түсті.