Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

«Павел Васильевтің Музей-үйінде» жазушы, аудармашы Анастасия Ивановна Цветаеваны еске алу сағаты өтті. «Кинобөлме» аясында жазушының аудио және бейне жазбалары, кіші немересі Ольга Трухачеваның мен өмірбаяншы Глебовтың естеліктері бар «Последний день Анастасии Цветаевой» деректі фильмі көрсетілді.

Анастасия Ивановна ұзақ, қиын өмір кешті, 99 жас!

1957 жылы ол Башкириядан Павлодарға өзінің ұлы Андрей Борисович Трухачевке келді. Мұнда ол немерелерінің тәрбиесімен айналысып, «Воспоминание» атты мемуарлық кітабы бойынша жұмыс істеді. Павлодар қаласының ескі тұрғындары автордың қолтаңбалары мен сый жазбалары бар кітаптары сақталған.

«Бұл кітап-дәуірдің бірегей портреті. Оқырмандар – ұрпақтан-ұрпаққа әпкелер Марина мен Анастасия Цветаевалардың кітаптарын ашып, кілті аты – Өшпес деп аталатын мөлдір қиырларда жатқан шығармашылықтың күшін табады», – деп А. Цветаеваның өмірбаяншысы Станислав Айдинян атап өтті.

 «Павел Васильевтің Музей-үйі» және Анастасия Цветаева тұрған үй  ескі қалада көршілес орналасқан.

Ақын  Павел Васильевтің тағдыры, Павел Васильев сияқты 58 баб бойынша ату жазасына кесілген ақын Артем Веселовпен кездесулермен байланыста болды. Жақында Славян мәдени орталығының Анастасия Цветаеваның музейіне «Память пребывает вовек» естелігінде жарияланған халық жауының қызы ретінде қуғын-сүргінге ұшыраған Веселый-Заяр ақынның қызы естеліктерімен құжаттар келіп түсті. Шағын брошюраның беттерінде ол Новосібір облысының Пихтовка мекеніне жер аударуы кезінде Анастасия Ивановнамен орын алған екі кездесуі туралы әңгімелейді. Жәдігерлердің келіп түсуі туралы павлодарлық ақын, Марина Цветаева атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты Ольга Григорьева баяндады.

Міне, ақын-жазушылардың тағдырлары осылайша қиылысты.

Кездесу барысында Анастасия Цветаева туралы естеліктерімен және  тағдырдың жазуымен жасөспірім шағында ақынмен бірге 1947-1957 жылдары Вологод облысының Печаткино мекенінде және Новосібір облысының Пихтовка мекенінде лагерлік өмірінің кезеңдері туралы оның немересі Геннадий Васильевич Зеленин бөлісті.

Прохорова Лидия Семеновна дәстүр бойынша Евгений Евтушенконың Анастасия Цветаеваға «Былинка» атты арнауын оқыды. Ал «Өмір мен өлім туралы шағын киноэскиз» жазушы Анастасия Цветаеваның портретіне бірнеше штрихтерді толықтырды.

Естелік әрқашан өткен шаққа апарады. Өшпестікке деген сенім болашаққа жетелейді.

 

Где судьба бы вам жить не велела,

В шумном свете иль сельской глуши,

Расточайте без счёта и смело

Все сокровища вашей души !

                                                    А. Цветаева