Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

Ғылыми практикалық конференция

Жыл бойы С. Торайғыров атындағы ПМУ 19 және 21 желтоқсан аралығында ғылыми-тәжірибелік конференцияны дайындау және өткізу бойынша үлкен жұмыс атқарылды. П. Васильевтің туған күніне және Ресейдегі Қазақстан жылына орай «ХХ ғасыр қазақстандық және ресейлік жазушылар шығармашылығындағы аймақтық құрамдас бөлігі» атты конференцияның жұмысына академик М. Козыбаев атындағы СҚМУ профессоры В. И. Любушин, ШҚМУ доценты Д. П. Поминов, ОмМУ доценты В. И. Хомяков, С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Н. Г. Шафер сияқты Қазақстан және Ресей ғалымдары; Новосибирск қаласындағы «Сибирские огни» атты журналының әдеби сын бөлімінің меңгерушісі В. Н. Яранцев, Алматы қаласындағы «Простор» журналының редакторы В. Ф. Михайлов және т.б. сияқты қонақтар қатысты. Бұл мәжілісте қала әкімі Б. С.Демеуов, В. Н. Яранцев, В. Ф. Михайловтар құттықтау сөз сөйледі. Қонақтарға арнап унивеситет бойынша экскурсия өткізгеннен кейін секция жұмыстары ұсынылды. Конференция басында ғылыми мәліметтердің жинағы табысталды.