8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында кездесуге қатысушылар суретші Ирина Александровна Кузнецоваға ерекше сый жасады.
Оның галереясында әйел тақырыбына арналған көптеген авторлық жұмыстар ұсынылған. Бұл - портреттер, сүйікті гүлдерінің букеттері, туған қаламыздың көркем жерлерінің пейзаждары, Ертіс өзені, Усолка, және, әрине, оның жүрегіне ең жақын - сүйікті балалары. Олардың саны - бесеу!
Ирина Александровна әр картинасын жүрек жылуымен таныстырып, шығармашылық сырларымен бөлісті.
«Өз туындыларын жасай отырып, суретші Құдайдың шәкірті ретінде еңбек етеді», - деді Ирина Александровна.
Суретшінің картиналары арқылы біз жарықты, нәзіктікті және сүйіспеншілікті сезіндік. Расында да, оның барлық еңбектерінен Жаратушының қолтаңбасы байқалады!
Алғыс ретінде біз оған Көктем, Әйелдер мен Сұлулық туралы өлеңдер оқып, жылы лебіздерімізді білдірдік.