Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

№ 4 мектеп-интернатының оқушылары адамның қасиетін білдіретін Алғыс сөзінде бірнеше сөз «жасырылғандығын»: Игілік, Сый, Қонақ, Татулық, Қуаныш екенін білді. Бұл сөздердің барлығын «алғыс» ұғымына жатқызуға болады.

1 наурыз күні біз Алғыс айту күнін атап өтеміз. Бұл мереке көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту үшін енгізілді, себебі біздің ортақ тарихымыз, бір-біріміздің қолдауымыздың арқасында бастан кешкен қайғы-қасірет туралы ортақ естелігіміз бар.

Еліміздің халықтары көптеген халықтар Қазақстанға жер аударылған жылдарында қазақтарға және бір-бірлеріне көрсеткен көмек пен қонақжайлылық үшін алғыс айта алулары үшін 2015 жылы, Ассамблеяның жиырма жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы бұл күнді Алғыс күні деп жариялауды ұсынды. Біз балаларға осы мерекенің тарихы туралы баяндадық, сонымен қатар, олар сол уақыт туралы бейнероликтерді қарап, достыққа, көмекке, қуаныш пен көңіл үшін алғыс жариялауға болатын хат жазуға үйрендік. Ия, осы үшін ғана емес... Кездесу соңында біз қол алысып, бір-бірімізге алғыс айттық.