Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

«Павел Васильевтің Музей-үйінде» ақын Иван Кандыбаевтың бенефисі өтті. «Ой, долог путь к человеку, люди»  атты деректі фильмінің үзінділері ұсынылды, Иван Кандыбаевтың орындауында Павел Васильевтің өлеңдері шырқалды.

Иван Иванович - көптеген жылдар бойы Павел Васильев атындағы Павлодар облыстық әдеби бірлестігінің жұмысына белсене қатысуда. Оның өлеңдері облыстық және республикалық БАҚ-да басылды.

Ол – үш ақындық жинақтардың авторы:  «В гостях у памяти», «После дождя» және «Выбираю любовь». Ақын өлеңдері өмірдің өзінен туады.

«Бұл кіші отан, табиғат, махаббат және достық туралы өлеңдер борыш пен мейірімділік сезімдеріне толы», - деп Виктор Семерьянов ақын атап өтті.

 Иван Кандыбаев ақындық сөздің бағасын біледі. Бұл байлығымен ол Павлодар қаласының № 19 мектептің жазғы орталығының жас тыңдаушыларымен бөлісті. Балалар Павел Васильевтің «Иртыш» өлеңі бойынша өз композициясын дайындап, домбырада күйлерін орындады.

Ақынмен бірге домбыра үнімен үйлескен Павел Васильевтің «Джут» өлеңінің нағыз импровизациясы  шырқалды.

Жас тыңдаушылардың назарына Иван Кандыбаев өзінің авторлық өлеңдерін ұсынып, көркем оқу сабақтарын берді.

Ол поэзия-бұл үлкен еңбек пен шиеленісті талап ететін өнер, шығармашылық екенін түсінеді.

Ақын Иван Кандыбаев өзінің өлеңдерімен орыс классикалық поэзиясының дәстүрін жалғастыруда.

 «У природы свои откровения./ У неё научиться спеши/ Превращать непростые мгновенья/ В обновлённое чувство души!»  (Иван Кандыбаев)

«Жанның жаңартылған сезімдерімен» балалар ақынға кездесу үшін, бенефис үшін алғыс айтты!