Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

«Афганистан, ты в сердце моем!» атты ерлік сабағы № 39 ЖОБМ-де 22 ақпан күні өткізілді.

5 және 7 сынып оқушыларымен өткен кездесуге П. Васильевтің Музей-үйі интернационалист-жауынгерлер Кенжебай Мубаракович Омировты, Аскар Кабдуллович Бисмильдиновты, Малик Джемаевич Супахуновты, мейірбеке Айша Жумашевна Усембаеваны шақырды.Біздің халқымызға Ауғанстандағы соғыс көп қайғы-қасірет пен азап әкелді. Соғыс отына күйінген ұрпақ, сол бір ешкіммен де ешкімге де жария етілмеген, ерлікті мен қайғылы ауған соғысының сабақтарын меңгергені сөзсіз. Жауыргерлік өмірдің ауыр жағдайларында, сағат сайын өлім қауіп-қатеріне душар болған кеңес сарбаздары ерлік, табаңдылық, игілік деген жақсы адамгершілік қасиеттерін танытып, әскери антқа, әскери мен азаматтық борыштарына адалдықтарын сақтай білді. Бұл туралы ауған соғысының ардагерлері әңгіме етті. Өз Отанын қалайша жақсы көру  керек екендігін және оны қорғауға әрдайым дайын болу керектігін де сөз етті. Бұған қоса, бастан кешкен барлық қаза күйзелістерден кейін олардың алдында ең басты деген ерліктерін жасау қажеттігі тұрды:

Ең қиын деген ерлік – жаңадан жан беріп, ротаны басқару́ да емес,
Бұл өмірді жаратып, үй құрып, бақытты бола алу!