Әдеби бірлестіктің мерейтойы
Бұл жылы П. Васильев атындағы әдеби бірлестігінің мерейтойы болды. Ақынның туған күніне орай және әдеби бірлестігіне 55 жыл толуына орай ұйымдастырылған кеш осы жылдың желтоқсанында Естай атындағы МС кіші залында өткізілді.
Көрермендер әдеби бірлестігінің құрылу тарихымен, оның дамуы бойынша негізгі кезеңдерімен танысты. Қайтыс болған әдебиетшілердің сөз сөйлеген видеоүзінділері көрсетілді. Игорь Булатовтың, Александр Амосовтың, Олеся Скорикованың орындауында әндер шырқалып, ақындар өздерінің өлеңдерін оқыды. Олег Афанасьев «Колыбельная моему сыну» атты өзінің өлеңін оқыған үзіндісі бар Шафер мұражай-үйінің мұрағатынан алынған сирек кездесетін жазба көрермендердің назарларына ұсынылды. Павлодар облыстық А. П. Чехов атындағы драмалық театр әртісі Халима Хазиеваның басшылығымен Павел Васильевтің «Тубо-охотник» атты әңгімесін «Скворечник» атты студиясы сахнада көрсетті. Кеш қатысушыларына, павлодарлық ақындарға Құрмет грамотасы, Алғыс хаттар және П. Васильевтің 2 томдық өлеңдер жинағы сияқты бағалы сыйлықтар табысталды.