9 қараша - «Түс шебері» ойын-сұхбат.
Ақ түс іс жүзінде барлық түстерден құралғандығын, сіз білесіз бе? Далматин күшіктері таза ақ түсті болып туылатындықтарың ше? Қоқиқаз неліктен қызғылт, ал бильярд үстелдеріндегі шұға неліктен шөп түстес жасыл? Бұл және басқа да сұрақ, тапсырма, жұмбақтарға жауапты осы аптада бізбен бірге «Балалар баспаханасы» ММ тәрбиеленушілері іздеді. Себебі түс пен оны дұрыс елестеу, адамдарды барлық замандарда толқындандырған және түске байланысты сұрақтарды зерттеу- өз бастауын ежелгі заманнан алады. Ойын соңында «шебердің» барлық қатысушылары түрлі-түсті тәтті жүлделермен марапатталды.
