5 желтоқсаннан бастап Павел Васильевтің 105-жылдығына арналған дәстүрлі мерейтойлық іс-шаралар өз бастауларын алды.
«Васильевтік күндер» шеңберінде Павел Васильевтің Музей-үйі мен ПМПИ-мен 5 желтоқсан күні өткізілген «Творчество Павла Васильева в ХХI веке: проблемы и перспективы исследования» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция алдында қатысушылар мен қонақтар ПМПИ мен П. Васильевтің Музей-үйімен ұсынылған «Суждено мне неуемной песней в этом мире новом прозвенеть!» атты көрмемен танысуға мүмкіндік алды. Конференцияның пленарлық мәжілісін ПМПИ ректоры Нургали Рахимгалиевич Аршабеков ашқан болатын. П. Васильевтің Музей-үйінің басшысы Закия Саясатовна Мерц Павел Васильевтің әдеби мұрасы бойынша комиссия хатшысы Светлана Ивановна Гронскаяның сәлемхатын конференция қатысушыларына баяндады. Ақын қызы, Наталья Павловна Васильеваның бейне сәлемдемесі де жұртшылық назарына ұсынылды. Содан соң Қазақстан жазушылар Одағының Павлодарлық филиалының төрағасы Арман Қани, «Славянский культурный центр» қоғамдық бірлестігінің төрағайымы Татьяна Ивановна Кузина құттықтау сөздерін білдірген болатын. Пленарлық мәжілісте келесілер сөз сөйледі: Мемлекеттік әдеби музейінің ғылыми-ағартушылық пен әдістемелік жұмыс бөлімінің аға ғылыми қызметкері Галина Викторовна Великовская (РФ, Мәскеу қ.), П. Васильев атындағы кітапхана меңгерушісі Надежда Александровна Бронш (РФ, Омбы қ.), Ф. М. Достоевский атындағы ОмМУ профессоры, ф.ғ. докторы Валерий Иванович Хомяков, П. Васильевтің Музей-үйі басшысы Закия Саясатовна Мерц (Қазақстан, Павлодар қ.) және ПМПИ филология және тарих факультетінің Коляда Ольга (Қазақстан, Павлодар қ.). Қонақтарға арнап ПМПИ бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Түстен кейін конференцияның секциялық мәжілісі басталды.

