5 мамыр күні Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған «Песни в солдатской шинели» атты кездесу болып өтті.
«Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі МӘМ» КМК қамқорлығындағы жандар соғыстың кинохрониканы үзінділерін қарап, соғыс жылдарындағы әндерді тыңдады. Ұлы Отан соғысы жылдарында әндер үлкен рөл атқарып, сарбаздар бойына күш пен ерлік беріп, аман қалуларына көмек берді. Бейнеүзінділермен, сонымен қатар, олардың пайда болу тарихы туралы әңгімелермен сүйемелденген «Довоенный вальс», «Священная война», «Синий платочек», «Песня о солдате», «Если б не было войны» және т.б. әндер шырқалды.Шара соңында, Мұражай-үй директоры З. С. Мерц, «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі МӘМ» КМК кітапханасына П. Васильевтің 2 томдық өлеңдер жинағын сыйға тартты.