31 мамыр – ақын мүсіні жанында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Павел Васильевтің "Прощание с друзьями" атты ең жан түршіктіретін өлеңдерінің бірі. Ол қанды 37 жылы сталиндік абақтыда қаза болған, 20 ғасырдың даңқты ақынының мүсініне гүлшоқтарын қою рәсімі кезінде Р. Мухамеджановтың орындауында шырқалды. Қазақ даласының орыс баласын еске алуға қала басшылығы, қоғам өкілдері, оқушы жастар жиналды. Ақын туралы сөзді ақын, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері О. Григорьева айтты. Тыныштық кей кездері ең терең ойлы сөзден де жорға. Павлодарлықтар П. Васильевті және тоталитарлық тәртіптің құрбандары болған барлық жандарды бір минут үнсіздікпен құрметпен еске алды. Террор мен саяси қуғын-сүргін дәуірі неғұрлым алшақтаған сайын, лагерлер, түрмелер, абақтыларда қаза болған күнәсіз құрбандарды ұмытпас үшін, өткен шақтың үрейлі қателерін қайталамас үшін, сол күндердің қайғылы парақтарын есте сақтаған маңызды.
