30 сәуірде «Поэзияның бірыңғай тілімен» атты ақындық марафон өтті.
Қаланың орталық кітапхана жүйесімен П. Васильевтің Музей-үйімен бірлесіп, ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы құрметіне ұйымдастырылып, өткізілген ақындық марафонда П. Васильев атындағы әдеби бірлестік мүшелері, ақындар мен павлодарлық бардтардың орындауында Қазақстан, Павлодар, көктем мен махаббат туралы өлеңдер мен әндер шырқалды. Ақын мүсіні жанында ықшам аудан тұрғындарына арнап О. Григорьева, Т. Окольничья, Т. Гарипов, Л. Бевз, Ш. Байгалы, И. Неустроев, Е. Юдинцевалар өлең оқыды. № 5 пен 19 ЖОБМ кішкентай оқырмандарын көрермендер өте жылы қарсы алды. Өздері жазған әндерді В. Шалденкова, авторлық ән байқауларының лауреаты М. Кожахметов пен Б. Ахметов атындағы педколледж студенті А. Пархоменко шырқады. Ақын Ж. Нуркеновтың шығармашылығы туралы С. Ф. Нуркенова баян етті.
