29 мамыр – «Память во имя будущего» атты эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі.
Шара Достық Үйінде өткізілді. Байқау Конституцияның 20- жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналды.Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде қатысушылардың жұмыстарынан алынған ең жарқын әрі мазмұнды деген дәйексөздер қолданылған болатын.Қатысушылардың әр қайсысына қатысушы сертификаты, Музей-үйдің буклеті мен П. Васильевтің өлеңдер жинағы табысталды. Жүлде ретінде жеңімпаздарға кітаптар берілді. Бұдан басқа, үздік жұмыстардың электронды жинағы жасалып, «АЛЖИР» мұражай-мемориалды кешеніне беріледі, жеңімпаздардың жұмыстары Музей-үйдің сайтында орналастырылатын болады.
