Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

28тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті.

«Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі МӘМ» КММ Музей-үй қызметкерлері «Конституция – мемлекет негізі» атты шараны өткізді. Мекеме қамқорлығындағы адамдарды құттықтап, Конституцияның пайда болу тарихы баяндалды, әңгіме барысында Қазақстанның тарихтық өмірінен бейнеүзінділер көрсетілді. Жиналған қауым үшін П. Васильевтің өлеңдерін павлодарлық ақын, әдеби бірлестік мүшесі И. Кандыбаев оқыған болатын. Мерекелік шара соңында, ақын әрі сазгер Вячеслав Кухаревтың өз өнерін көрсеткені барлығы үшін тосын сый болды. Ол гитарамен  өз әндерін шырқап, көрермендердің шаттанушылық қуаныш сезімін оятып, мерекелік көңіл-күйлерін жақсарта түсті.