27 тамызда П. Васильевтің Музей-үйінде Алматыдан келген қонақтар.
Өкілдік жазушылық десант: ақын, аудармашы, сыншы, «Простор» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі Надежда Чернова, прозаик, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атын. ҚазМУ аударма теориясы мен методологиясы кафедрасының профессоры – Аслан Жақсылықов, сонымен қатар, ақын, аудармашы, «Тәржіман – Әдебиет аудармашыларының кеңесі» АҚ төрағасы, «Простор» журналының бас редакторының орынбасары – Кайрат Бакбергенов Павлодар қаласына Еуразиялық Топтың ең ірі кәсіпорындарының қызметкерлері арасында сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін келді. Ал сол шара басталмас бұрын, олар Музей-үйге келіп, экспозиция мен жәдігерлерді қарап, ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы тереңірек мәлімет алып, қызметтестік жасауға келісті.