27 қазан күні –РФ кеңесші-елшісі А. А. Мусиенконың ҚР келуі.
«Бар өңірді жайнатқан
Осы музей неткен әсем!
Махаббат жасасын деп,
Жаратқан Ием, Павлодарды сақтасын!»
«Ресейдің ұлы ақыны Павел Васильевтің есімін сақтап жүрген көркем сақтаушыларға ізгі құрмет пен сүйіспеншілікпен».
Міне, осындай жылы сөздерді ол Құрметті қонақтар кітабында қалдырған. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы толыққанды әрі аса қызықты әңгіме өткізілген болатын. Александр Андреевич П. Васильевтің поэзиясын жақсы білетіндігі мен сүйіп оқитындығы, сонымен бірге, ақын өмірбаянының кейбір фактілері бойынша өз ой-пікірі бар екендігі көңіл сүйсіндірерлік. Мәртебелі қонағымыз бен Славян орталығының төрайымы Т. И. Кузинаның дәл осы уақытта біздің музейге келген «Мәңгілік Ел» патриоттық жоба шеңберіндегі Алматы мен Шымкент шаһарларының Назарбаев зияткерлік мектеп оқушылары - «Туған елге тағзым» атты экспедиция қатысушыларымен кездесуі аса маңызға ие болды.

