24 желтоқсанда «Здесь живу я вовсе не случайно» атты әдеби-музыкалық кеші өткізілді.
Кеш П. Васильев атындағы орталық кітапханасында өткізілді. Көрермен ретінде № 9 мен № 11 ЖОБМ жоғары сынып оқушылары келді. Жүргізушілер ақын фотосуреттерінің көрсетілімімен 20 ғасырдың танымал ақыны, жерлесіміз, Павел Васильевтің шығармашылық жолы туралы әңгіме қозғады. Кеш қонақтары – П. Васильевтің Музей-үй басшысы З. С. Мерц, ПМПИ әдебиет оқытушысы – С.Ф. Нуркенова, ақын О. Н. Григорьева, Шафер Музей-үйінің директоры Т. С. Корешкова, № 9 ЖОБМ П. Васильев атындағы мектеп музейінің директоры – Г.З. Байкенова жүргізушілердің әңгімесін П. Васильевтің 105 жылдығына арналған өткізіліп жатқан шаралар туралы, Қазақстан мен Ресейдің басқа да қала аудандарында ақын шығармашылығын зертеу туралы және мектеп музейінің жұмысы туралы ақпаратпен толықтыра түсті.Оқушылар назарына Павел Васильевтің өлең жолдарына жазылған кеште қатысып, «Елім-ай» қазақ халық әнін мен «Песня о гибели казачьего войска» поэмасынан алынған «Ты скажи-ка мне, сестра» әнін орындаған сазгер А. Амосовтың бейнебаяндары ұсынылды. Ақын-жерлесіміздің өлеңдерін П. Васильев атындағы әдеби бірлестік мүшесі Р. Мухамеджанов пен мектеп пен гуманитарлық колледж оқушылары оқыды.
