Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

23 желтоқсанда «Павлодар медицина колледжі» КМҚК шара өткізілді.

«Мой Павлодар, мой город ястребиный!» әдеби-музыкалық композициясы ақынның 105-жылдығына арналған мерейтойлық шаралар шеңберінде өткізілді. 23 желтоқсан күні тектен тек таңдалмады, себебі дәл осы күні 1909 жылы 20 ғасырдың танымал ақыны дүниеге келді. Студенттер жерлесіміз, Павел Васильевтің өмірі мен шығармашылығы туралы, ақын «мойылдағы туған үйін», «қаршыға қала» Павлодарды, поэзияға тұңғыш қадамын жасаған жер туралы, Павлодар Ертіс өңірінің қыр далалары туралы өз баяндамаларын дайындады және бұның барлығын Павел Васильевтің өзгеше, әрі жарқын өлеңдерімен безендіре алды. Музей-үй Павел Васильев пен оның жақындарының фотосуреттерінің презентациясын, ақын өлеңдерінің қызы Наталья Васильева мен мәскеулік Жаңа театр әртісі Наталия Маеваның оқып жатқандарынан бейнеүзінділер ұсынылды. Сонымен қатар, студенттер назарына Павел Васильевтің өлең жолдарына жазылған сазгер А. Амосовтың әндері ұсынылды. Шара соңында Музей-үй басшысы З. С. Мерц студенттерге Музей-үймен желтоқсанның басында өткізілген мерейтойлық шаралар туралы баяндап, медициналық колледждің кітапхана қорына Павел Васильевтің 2-томдық шығармалар жинағын сыйға тартты.