23 желтоқсан күні П. Васильевтің туылған күніне арналған «Так вот, где начиналась жизнь моя!» атты кеш өткізілді.
Музей-үйдің пайда болу тарихы туралы әңгіме бейнеүзінділермен, П. Васильевтің өлең жолдарына жазылған автор мен орындаушы А. Амосовтың әндерінің бейнебаяндарымен сүйемелденді. Кеш қонағы С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты С. К. Шаймарданова Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледж бен № 39 ЖОБМ оқушыларына 1990 жылы «П. Васильев контекстіндегі ақындық сөз» атты өзінің диссертациясын қорғағаны туралы сөз қозғап, 1989 жылы өткен 1 Васильевтік оқулар туралы естеліктерімен бөлісті. Кездесу соңында Светлана Кабиденовна Музей-үйге өзінің «Своеобразие поэтической системы Павла Васильева» атты кітабын сыйға тартты. Кеш жылы ниетпен өтіп, П. Васильевтің поэзиясындай, ешкімді де селсоқ күйде қалдырмағандығы сөзсіз.
