23 ақпанда № 39 ЖОБМ "Живая память" атты дәстүрлі ерлік сабағы өтті.
Бұл атау жайдан жай емес. Жүректерімізде фашисттік Германияны жеңген Әулие Жеңіс күнін жақындатқандар туралы, Ауғанстанда соғысқандар, даудың халықаралық зоналарында бітімгерлік миссияларды атқарып, қаруланған заңсыз құралымдардан тәджік-ауған шекарасын қорғағандар туралы естеліктер ұмытылмас. Олар тірі, себебі қаза болғандар туралы естелікті олардың қару бойынша жолдастары, отбасылары мен жақындары сақтауда. Бұл естелік біз бұл туралы есте сақтағанша, біз бұл туралы айтып отырғаншы, біз бұл туралы жазып жүргенше әрдайым тірі болады. Бізде қонақта біздің ескі достарымыз, ауған-жауынгерлер К.М. Омиров пен А.К. Бисмильдиновтар және жаңа достарымыз – ардагер-қазбаттықтар: запастағы старшина А.Д. Шамгалиев пен сержант А. А. Бейсековтар болды. Олар сол үрейлі оқиғалар, әскери ағайындылық туралы естеліктерімен бөлісіп, өздерінің сүйікті әндерін орындады. Балаларға айтар тілек сөздерінде ардагерлер жақсы оқу керектігін, жақсы маман атану керектігін, Отанды сүйіп өту керектігін және қажет кезінде қорғауға даяр болу керектігін атап өтті. Ал біздің кездесуіміз осындай тілекпен тәмамдалды: «соғыс» атты қорқынышты сөзді біз ешқашанда естімейік, аналар өздерінің ұлдарын, ал балалары – өзінің әкелерін ешқашанда жоқтамасын. Баршамызға бейбіт аспан!

