Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

22 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған «Музейлер күні» болып өтті.

Алаңда Облыстық Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі алдында қала және аудандық мәдениет мекемелерінің қатысуымен жәрменкелік ойын-сауық өткізілді.П. Васильевтің Музей-үйі «Оқу-үйінің» есіктерін ашты. Барлық жиналған тыңдармандар, П. Васильев атындағы әдеби бірлестігінің мүшесі И. Кандыбаев, Павлодар қаласына Славяндық жазу әліппесі мен мәдениет күніне орай келген журналист, әдебиетші В. Г. Коноплев, Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері орындауында А. С. Пушкин, С. Есенин, П. Васильев және т.б. танымал ақындардың өлеңдерін тыңдап, сонымен қатар, оқырмандарға қосылып, өзінің сүйікті өлеңдерін оқуға да мүмкіндік алды.Мерекелік концерттен соң, тарихи-өлкетану музейінің қабырғаларында «тіріленген жәдігерлердің» қатысуымен театрланған көрініс өз жалғасын тапты.