20 наурызда Братиславада Павел Васильев шырқалды.
20 наурызда Братиславада Павел Васильев шырқалды. Ресейлік ғылым және мәдениет орталығының бастамасы бойынша Братислава қаласында Дүниежүзілік поэзия күніне арналған Мәскеулік жаңа драма театрының әртісі Наталья Маеваның орыс поэзиясы атты кеші өткізілді.Словакия астанасында Наталия Маева Павел Васильевтің Наталья Кончаловскаяға арнап жазған «Стихи в честь Наталье» атты кемеңгер өлеңдер жинағын сонымен қатар, Наталья Григорьевна айтқандай, оның «шопендік» лирикасын «Вся ситцевая, летняя, приснись…», «Какой ты стала позабытой, строгой…», «Не добраться к тебе! На чужом берегу…» оқыған болатын. Бұған қоса, Анна Ахматова, Николай Гумилев, Осип Мандельштам, Марина Цветаева, Николай Асеев және де Борис Пастернактың аудармасындағы Тициан Тобидзе мен Юрис Балтрушайтистың ақындық шығармалары да ұмыт қалмады
