Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

18 желтоқсанда «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапхана» ММ-де «Павел Васильев – певец земли казахской!» атты іс-шара өткізілді.

Ол ақынның 105 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар шеңберінде өткізілді. Музей-үй басшысы З. С. Мерц ақын-жерлесіміз өмірі мен шығармашылығы туралы, ақын өз туған қаласын, қазақстандық жердің дала жазықтарын, Ертісті қаншалықты жақсы көргендігі туралы баяндады. Әңгіме Павел Васильевтің мен оның туған туысқандарының фотосуреттерінің көрсетілімімен, «Павлодар», «Иртыш» өлеңдері жазылған бейнеүзінділерімен және ақын сазгер А. Амосовтың өлең сөздеріне жазылған әндермен жалғасты. Шара соңында кітапхана оқырмандары Павел Васильевке арналған өз өлеңдерін оқыды.