Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

18 наурыз - № 2 мектеп-интернатындағы «Мисс Наурыз» байқауы.й

Әдеттегідей, байқау бірнеше кезеңдерден құралды. Жеңімпаз тәжін жеңіп алу үшін қатысушы қыздарға шығармашылық қабілеттері мен өзін жұрт алдында көрсете алумен қатар, зияткерлік қабілеттерін көрсету қажет етілді. Қыздар ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді, мақал-мәтелдерді, қазақ ұлттық киімдері мен музыкалық аспаптарын білу байқауында жарысып, би билеп, ән шырқап, қазақ тілінде өлеңдер оқыды. Олардың барлығы да қазақ халқының тарихы, фольклоры мен тұрмысы бойынша жақсы деген білімдерін көрсетіп, талаптарға сай болды.Қазылар алқасы алдында бес қатысу қыздардың арасынан ең лайықты, жарқын әрі ерекшесін таңдау деген қиын да жауапты тапсырма тұрды. Қорытындылай келе, Мисс Наурыз атағына Альбина Герауф ие болса,  вице мисс атағына Альбина Кудайбергенова иеленді. Жеңімпаз қыз балаларға құнды сыйлықтар, ал барлық қатысушы қыздарға байқау туралы естелік ретінде кәдесыйлар табысталды. Мереке дәстүрлі шашумен аяқталды.